Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кетіп қалайын деп қашқанмын": Ерке Есмахан желіде қызу талқыға түскен видеосына пікір білдірді

Опубликовано:

RaiM и Ерке Есмахан
RaiM и Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жолдасы Raim екеуінің тарап кеткен видеосына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аталмыш бейнежазбада камерадан не себепті тығылып қалғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Raim-ның видеосы Tik-Tok желісінде тарап, елдің қызу талқысын тудырды. Онда әнші арудың камераны көрген бойда қаша бастағанын көріге болады. Сөзінше, ол күйеуі күзетшілермен келе жатқандықтан оларға қабаттаспай кетіп қалмақ болған.

"Бізде Tik-Tok жоқ. Сол үшін өзіміз туралы анау-мынау әңгімелерді көрмей қаламыз. Бүгін бала күтушім күшті деп бір видео жіберіпті. Қарап күлдім. Негізі бұл жерде менің ойым: Назар мен Райм сахнаға ән айтуға келе жатқанын түсіріп жатыр. Күзетшісіне қабаттаспай кетіп қалайыншы, күйеуімнің қасынан деп қашқанмын. Сөйтсем сол тоңқаңдап жүгіріп бара жатқаным шығыпты ғой жарыққа. Бірақ бұл видеоның басқа мағынасы да бар екен. Жолдасымның қамқорлығын қарасаңыздаршы", - деп жазды Ерке Instagram-дағы парақшасында.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2100047-ketip-qalaiyn-dep-qashqam-erke-esmahan-zhelide-qyzu-talqyga-tusken-videosyna-pikir-bildirdi/