Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram/kair_n

Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Басылым мәліметіне сүйенсек, бірнеше күн бұрын аталған істі Алматы облысының соты онлайн режимде қараған. Әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болыпты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, олар әншінің шамамен 15 млн теңге болатын шығынын жаба алмайтындықтан, концертті өткізбейтін болып шешім қабылдап, бұл жөнінде 42 күн бұрын ескерткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен. Ал 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне беріпті.

"Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі ақшамды қайтарғым келеді". - дейді кәсіпкер Ольга Хван.

Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Енді ол алты ай ішінде Жоғары сотқа шағымдана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102225-atyraulyq-kasipker-qairat-nurtasty-sotqa-berdi/