Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәуірі ұрып тұрған кез": Бауыржан Исаевтың шығармашылығына ресми түрде тыйым салған кім

Опубликовано:

Бауыржан Исаев
Бауыржан Исаев. Фото: Instagram/ isaev_baurzhan

Отандық әнші Бауыржан Исаев 2000 жылдардың басында шығармашылығына ресми түрде тыйым салынғанын айтты. Ол өнер саласында жолын байлаған азаматтардың атын атамауды жөн көрді.

Әнші осыған дейін айтпаған сырын "Хабарlike" бағдарламасында ақтарды.

"Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған болатын. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осы бірнеше жыл бұрын дүниеден озды.

Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірде облыстық әкімдерге хабарласып, менімен жұмыс істеуді (істемеуді-ред. ескертпесі) бұйрық ретінде шығарған болатын. Мені концерттерге шақыруды қойды, одан бөлек бүкіл Қазақстандағы радиолардан, теледидардан менің әндерімді, бейнебаяндарымды алып тастады", - деді Исаев.

Өнер иесі қиындыққа тап болған сәтте көмек көрсеткен әріптестерінің болғанын да атап өтті.

"Сол кісілердің дәуірі ұрып тұрған кез. 3-4 жылдай сахнаға шыға алмай жүрдім. Содан Түркістан қаласында марқұм Арман Дүйсенов ағамды кездестірдім. Арман аға "Бауыржан, не болса да халқың сені жақсы көреді, сыйлайды, күтеді, сағынады. Сондықтан "Аяулымды" ғана қалдыр, ал мен 10-15 ән өзім-ақ жазып беремін" деп қолдау көрсеткен еді.7-8 жыл бойы Арман ағамен тығыз шығармашылық байланыста болдық. Сонымен 2012 жылы менің екінші күйтабағым шықты. Сол күйтабақтағы 17 әннің 14-інің авторы - Арман Дүйсенов", - деді Бауыржан Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104392-dauiri-uryp-turgan-kez-bauyrzhan-isaevtyng-shygarmashylygyna-resmi-turde-tyiym-salgan-kim/

pixel