Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзі ме деп қалдым": Роза Рымбаеваға пародия жасаған студент жұртты күлкіге қарқ қылды (видео)

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Видеодан кадр: Tiktok/ eldana_ganikyzy

Әлеуметтік желіде отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы тарады. Көпшілік оның әншімен ұқсастығына таңғалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаеваны сахналаған студенттің видеосын Елдана Ғаниқызы атты TikTok пайдаланушысы жариялады.

"Студенттерді бақылау. 1-курс емтиханы. Еслям Нұртазин шеберханасы", - деп жазған автор.

Видео бірнеше күннің ішінде 200 мыңнан аса қаралым жинады. Көпшілік әншінің студентпен ұқсастығын айтып, таңданып жатыр.

"Розаның өзі бұлай айта алмайтын шығар", "Қимылы 100 пайыз ұқсайды", "Роза ма, әлде еркек пе?", "Қатты ұқсайды", "Қалай айнытпай салады?", "Міне, нағыз талант", "Өзі ме деп қалдым", "Роза апамнан аумай қалыпсыз", "Өзі ме деп ойлап қалсам", - деп жазды жұрт.

Аталған емтиханның қай оқу орнында өткені белгісіз. Көпшілікке сахнаға пародия жасауға шыққан студенттің аты да мәлім емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105808-ozi-me-dep-qaldym-roza-rymbaevaga-parodiia-zhasagan-student-zhurtty-kulkige-qarq-qyldy-video/