Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынаққа толы жыл болды": Жахан Отарғалиев өміріндегі ауыр кезең туралы сыр шертті (видео)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр кезең жайлы жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі күйзелістен қалай шыққанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев белгілі журналист Зарина Мүсілімге ақтарыла сұқбат беріп, өміріндегі сынақтар жайлы айтты.

"2023 жыл өмірімдегі қиындықтарға, сынақтарға толы жыл болды деп айта аламын. Біздің де жүрегіміз жылайтын кездер болады. Біздің де мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналып алуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны болады", - деп ағынан жарылды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2106525-synaqqa-toly-zhyl-boldy-zhahan-otargaliev-omirindegi-auyr-kezeng-turaly-syr-shertti-video/