Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жасқа толған Димаш Құдайберген Стамбұлда үлкен шоу жасады: концерт қалай өтті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Түркияның Стамбұл қаласында жеке ән кешін өткізді. Бұл туралы dimashnews.com хабарлайды.

Әншінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 24 мамырда Стамбұлдағы "Бешикташ" стадионында Димаштың Stranger деп аталатын үлкен концерті өткен.

Оған Димаштың отбасы, достары, әріптестері мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жанкүйері жиналған.

Димаштың жанкүйерлері
Димаштың жанкүйерлері. Фото: dimashnews.com

Өнер иесін құттықтауға Түркия, Қазақстан және АҚШ-тан әлемге әйгілі музыканттар келген.

Ал түркиялық музыкант Халук Левент қабылдаушы ел атынан қазақ өнерпазын түрік жерінде қарсы алып, Димашқа гитара сыйға тартқан.

Халук Левент пен Димаш Құдайберген
Халук Левент пен Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Рокер Халук пен классикалық вокалист Димаш сахнада акустикалық гитараның сүйемелдеуімен түріктің ең танымал "Gesi Bağlari" әнін орындады.

Концерттің тағы бір қонағы, атақты диджей Бурак Йетер болды. Ол Димашпен былтыр Түркиядағы Weekend әнінің премьерасы өткен алғашқы концертінен бері бірге жұмыс істеп келеді. Бұл жарқын шығарма тағы да орындалып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Бурак Димашқа оның жұлдызды шоуының символы болып табылатын "ғарыш" күртесін сыйлады.

Димаштың жанкүйерлері
Димаштың жанкүйерлері. Фото: dimashnews.com

Сонымен бірге концерттің тағы бір арнайы қонағы қазақстандық композитор, Димаштың досы Ренат Гайсин да болды. "Қайран Елім" әнін Димаш маэстро Гайсиннің сүйемелдеуімен пианинода және Олжас Құрманбектің сүйемелдеуіндегі қобыздың қоңыр үнімен орындаған.

Осы мерейтойлық кеште Димаш алғаш рет Лос-Анджелестен келген қонақ, композитор, продюсер, көптеген танымал музыкалық туындылардың авторы Нейтан Вангпен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Димаш Құдайбергеннің концерті
Димаш Құдайбергеннің концерті. Фото: dimashnews.com

Сондай-ақ Димаш композитордың сүйемелдеуімен әйгілі актер, режиссер Джеки Чанның "Авангард" фильмінің саундтрегін алғаш рет сахнада орындады.

Одан бөлек, Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірлесіп, танымал әндерді шырқаған.

Димаш Құдайбергеннің концерті
Димаш Құдайбергеннің концерті. Фото: dimashnews.com

Be With Me әнін орындаған Димаш сахнаның артына өтпек болған сәтте күтпеген жерден оның ұстазы Марат Әйтімов сахнаға үлкен тортпен шығып, ұжым мен концертті ұйымдастырушылардың атынан jys 30 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Димаш ұстазына және оның арманын жүзеге асырған жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107053-30-zhasqa-tolgan-dimash-qudaibergen-stambulda-ulken-shou-otkizdi-kontsert-qalai-otti-foto/