Серік Ибрагимов анасын туған күнімен құттықтап, әсерлі видео жариялады
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов анасын туған күнімен құттықтап, әсерлі видео жариялады. Өнер иесі тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Видео кадрларынан әншінің қара шаңыраққа барып, анасын гүлмен құттықтағанын көруге болады.
"Анашым-жәннәтым. Туған күніңізбен! Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін! Ата-аналарыңыз аман болсын, құрметті оқырман", - деп жазды ол.
Мұны көрген көпшілік Серік Ибрагимовтің ата-анасына ұзақ ғұмыр тіледі.
"Ата-анаға жағдай жасау керек", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Ата-анаңды хан сарайына отырғыз", "Барында бағалағанға не жетсін", "100 жасасын", "Керемет көрініс", - деп жазды жұрт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107440-serik-ibragimov-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtap-aserli-video-zhariialady/