Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Анастасия Заворотнюк
Анастасия Заворотнюк. Фото: instagram.com/a_zavorotnyuk

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында қайтыс болды. Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актриса ұзаққа созылған дерттен кейін қайтыс болды.

"Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Анастасия Заворотнюк бірнеше жылдан бері онкологиялық дертпен күрескен.

IMDb ақпаратынша, Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астараханда дүниеге келген. Ол "Моя прекрасная няня" сериалындағы бала күтуші Вика рөлінде көпшіліктің есінде қалған. Сондай-ақ актриса "Код Апокалипсиса" жәнде "Проклятие спящих" сынды фильмдерге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109366-anastasiia-zavorotniuk-qaitys-boldy/