Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-енесімен түскен ерекше суретін жариялаған Ерке Есмахан елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ата-енесімен қалай уақыт өткізіп жатқанын көрсетіп, желіде ерекше отбасылық суретті жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан Оралдан Алматыға ата-енесі келіп, ерекше отбасылық күндер өткізіп жатқанын айтты. Өнер иесі күйеуінің ата-анасына оңтүстік астананың әсем жерлерін көрсетіп, оларды қаланың үздік мейрамханаларына апарып жүр.

Шоу-бизнес жұлдызы жанұясымен қалай уақыт өткізіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Ол күйеуі, ұлы мен ата-енесімен түскен ерекше суретті жариялап, елді тәнті етті.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Сонымен қатар әнші ару енесіне қандай сыйлық тарту еткенін де айтты.

"Мамаға бриллиант пен бренд сыйладық, - деп жазды Ерке.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2110479-ata-enesimen-tusken-erekshe-suretin-zhariialagan-erke-esmahan-eldi-tanti-etti/