Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаратқан көп көрмесе екен": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде анасына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен
Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасын туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында анасымен түскен видеосын жариялап, оған ақ тілегін жолдады.

Өнер иесі перзенттік парызын барынша өиеуге тырысатынын жеткізді.

"Жәннатымның туған күні! Жүрек тыныштығымның кілті анамның күлкісінде екенін, өзім ана болған сәттен сезгем. Анашымның ортамызда ұзақ жүргенін, балаларына риза болғанын, маңдайымнан мейірлене иіскегенін жаратқан көп көрмесе екен. Перзенттік парызымды өтеуге өле-өлгенше тырысарым анық. Он сегіз мың ғаламда дәл менің анам болғаныңыз үшін алғыс. Менің анашым, менің асылым, менің бекзадам", - деп жазды актриса.

Құттықтаулар легін желі қолданушылары жалғастырды. Оқырмандар Әбдікәрімованың анасына жылы лебізін білдіріп, ерекше тілегін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111022-zharatqan-kop-kormese-eken-zhuldyz-abdikarimova-zhelide-anasyna-aserli-zhazba-arnady/