Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалғаны сөйлей берсін": Ерке Есмахан ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде ата-енесіне жүрекжарды жазба арнап, оларға алғысын айтты. Өнер иесі жолдасының ата-анасы өзін үнемі қолдап отыратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында отбасылық сурет жариялап, ата-енесіне жылы лебізін білдірді. Эстрада жұлдызы дәл осындай әулетке келін болғанын мақтан тұтатынын және күйеуінің ата-анасын өмірлік бағы санайтынын айтты.

"Алладан бақ сұрау керек. Алла маған сол бақты үйіп берген. Шүкір. Ата-енем де сол бағым. Папам мен мамам ақ жүректерімен "Сендей қызымыз бар, бізге бұйырғаныңа шүкір. Сені әкелген Райымға рақмет. Қалған сөйлегендер сөйлей берсін" деп отырады. Қалай бақ демейсің енді", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Ерке Есмахан жақсы келін болуға барын салатынын жеткізді.

" Күйеуімнің, ата-енемнің разылығын алуға, жақсы келін болуға, осы әулеттің ұрпағын жалғастыруға барымды саламын. Сіздерді жақсы көремін, отбасым. Аллаға сансыз шүкір айтамын", - деп жазды өнер иесі.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111028-qalgany-soilei-bersin-erke-esmahan-ata-enesimen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/