Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақытым аздау сияқты": Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтып, жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі кезінде орындай алмаған арман-мақсаттарын қазір іске асыруға уақыты мен мүмкіндігі аз екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшілікке өзі жайлы тың ақпаратты айтты. Тележүргізуші өміріндегі ең үлкен өкініші туралы сыр шертті.

"Менің үлкен өкінішім. Шүкір, 25 жасымда бірінші рет шетелге шықтым (біреу үшін ерте, біреу үшін кеш болар). Шүкір, әке-шешем оқытты, тоқытты. Шүкір, 30-ға таяған шағымда тұрмысқа шығып, қазір 2 ұлдың анасымын. Тірі жүріп, құдай ғұмыр берсе, жүрек қағысы дұрыс болса, әлі талай дүниені көріп, бастан өткізермін. Алға қойған арман-мақсаттарымыз тағы бар дегендей.

Өкінішім, қытай тілін ары қарай дамытып оқымағаныма, қазір миыма кірмейді (сылтау да болар бәлкім). Өкінішім, жас кезде көбірек оқуым керек еді. Білімге аямай инвестиция жасағанымда ғой… Әттеген-ай… Қазір уақытым мен мүмкіндігім, ресурсым да аздау сияқты. Отбасының, балалардың қамы бірінші орында", - деп жазды БАҚ өкілі.

Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге ақылын айтып, білімге ақша аямауға шақырды.

"Мен сияқты өкінбес үшін, сіңілдеріме оқыңдар десем, әпкелеріме баланың біліміне бар күшіңді жұмса дер едім. Білімге салған инвестиция еселеніп қайтады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111031-uaqytym-azdau-siiaqty-laila-sultanqyzy-omirindegi-eng-ulken-okinishin-aitty/