Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Raim-ның жолы болыпты": Ерекше образдағы Ерке Есмахан көпшілікті тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жаңа фотосессиясын жариялап, елге ерекше образын паш етті. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығы мен асқан нәзіктігіне тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ерекше образын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Онда әнші арудың қызғылт түсті көйлек киіп, басына орамал тағып алғанын көруге болады.

"Өзіңді қатты жақсы көрсең, өмір де сені тура солай қатты жақсы көреді", - деген жазба қалдырды эстрада жұлдызы.

Өнер иесінің образы бірден желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Қалың көпшілік Ерке Есмаханға тәнті болып, оны нағыз сұлулықтың символы деп атады.

"Қандай жарасымды. Мына орамал сізге сондай үйлесіп тұр", "Raim-ның жолы болыпты", "Ерке не кисе де жараса кетеді", "Не деген нәзіктік", "Мына орамал сізді одан бетер әдемі етіп тұр", "Өте ерекше образ екен. Сізге сондай жарасады", Сұлулық пен нәзіктіктің символы", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111034-raim-nyng-zholy-bolypty-erekshe-obrazdagy-erke-esmahan-kopshilikti-tanti-etti-foto/