Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдардың концертіне келген әжей халыққа ұрсып тастады (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдардың концерті
Ернар Айдардың концерті. Видеодан кадр: Tiktok/ ev_erzhan

Отандық эстрада жұлдызы Ернар Айдардың концерттерінің біріне келген әжей халыққа ұрсып тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Концертте әжей әншіден микрофонды сұрап, халыққа мәлімдеме жасайды.

"Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсың ба? Кафеде тойға барсаң бала жүреді, концерт көруге келсек, баланы жіберіп қоясыңдар. Ұят бар ма? Сур0етке түскілерің келсе, концерттен кейін 50 теңгеден төлеңдер де түсіңдер", - дейді әжей.  

Көпшілік кешке келген әжейдің сөзін қолдай кетті.

"Дұрыс айтады", "Осыны айтатын адам табылды-ау", "Келісемін", "Әжейдің айтқанына қосыламын", "Жарайсыз, осылай қатты айту керек", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111187-ernar-aidardyng-kontsertine-kelgen-azhei-halyqqa-ursyp-tastady-video/