Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжіп жүр екен": Абай Бегейдің қызы әкесінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы жұлдызды әкесін туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесінің перзенті Ақтаудан арнайы ұшып келіп, тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Ниязқұлова асқар тауы әкесін қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Блогер ару баласымен бірге қораптың ішінде тығылып, әкесіне тосынсый болып шыққан.

Әншінің қызы оған естен кетпес әсер сыйлау үшін арнайы Ақтаудан ұшып келген. Ол әкесін түннен бері әдейі құттықтамай, ақ тілегін Алматыға келіп айтуды шешкен.

"Әкемнің туған күнін құттықтап келіп қалдық. Біз үшін жылдың ерекше күнінде, әкемнің туған күнінде Томирис қызымның да туылған күні тұспа тұс келді. Әкем "түннен бері құттықтамады" деп ренжіп жүр екен. Мен бұл уақытта Алматыға туған күнге тосынсый болып келіп үлгердім. Томидың бұл күнде туылуы менен өмірлік сыйлық қой. Әкешім, туған күніңізбен. Жақсы көремін", - деп жазды Ерке Ниязқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111205-renzhip-zhur-eken-abai-begeiding-qyzy-akesining-tugan-kunine-erekshe-tosynsyi-zhasady-video/