Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасыңды бағалай біл": Қайрат Нұртастың жаңа видеосы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram/ kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарынан сөз естіп қалды. Қалың көпшілік өнер иесінің бейнежазбасын қызу талқылап тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әншінің табиғат аясында жүгіріп келе жатқанын көруге болады. Оған қоса өнер иесі бейнежазбасына өзінің орындауындағы "Байқа" атты әнін қосып қойған.

Шоу-бизнес жұлдызының видеосы желіде бірден қызу талқыға түсті. Оқырмандар әншіні "отбасымен көп уақыт өткізбейді" деп сынап, оған келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұрақтар жаудырды.

"Бағалай біл отбасыңды", "Бағалай біл Жұлдызды", "Жұлдыз қайда? Балаларың қайда?", "Жұлдыздың күйеуі бар. Бірақ ол күйеуі жоқ секілді өмір сүреді", "Жұлдыз сіздің бағыңыз ғой", "Қасыңызға Жұлдыз жетіспей тұр", "Осылай отбасыңа уақыт бөлсең жақсы болар еді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111643-otbasyngdy-bagalai-bil-qairat-nurtastyng-zhanga-videosy-zhelide-qyzu-talqyga-tusti/