Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат қатты қарсы болды": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы ел білмейтін жайтты ақтарды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуімен. Фото: Instagram/ sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, ол туралы ел білмейтін жайтты ақтарды. БАҚ өкілі күйеуі туған ауылына балабақша салып бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі салған нысанды Instagram-дағы парақшасында көрсетіп, оған қатысты бір оқиғаны айтып берді. Сөзінше, балабақша салынып біткен кезде жергілікті халық оған "Қайрат" деп кәсіпкердің есімін беруді шешкен. Алайда тележүргізушінің жолдасы тұрғындарлың шешіміне қарсы болған.

"Кеше осы видеоны Қызылкөлдің келіні Әйгерім жіберді. Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық "атын "Қайрат" деп қоямыз" дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары "балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз" деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой, – деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111748-qairat-qatty-qarsy-boldy-laila-sultanqyzy-marqum-kuieui-turaly-el-bilmeitin-zhaitty-aqtardy/