"Махаббатсыз өмір сүре алмаймын": Келіншегімен видео жариялаған Шерхан Пірназар елді тәнті етті
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар желіде әйелі Айжан Жұмабекпен видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шерхан Пірназар ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актер мен әйелінің классикалық стильде киініп, қалада қол ұстасып келе жатқанын көруге болады.
"Мен ақшасыз өмір сүре аламын. Бірақ махаббатсыз өмір сүре алмаймын", - деген жазба қалдырды актер видео астына.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға түрлі пікірлерін жаудырды.
"Осы жұп қатты ұнайды. Артық әңгімесі жоқ, өте қарапайым жандар", "Келіншегіңіз сондай ақылды", "Әйеліңіздің энергетикасы ұрып тұр", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Көз тимесін. Сондай үлгігі отбасы", "Мистер и миссис Смит", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111763-mahabbatsyz-omir-sure-almaimyn-kelinshegimen-video-zhariialagan-sherhan-pirnazar-eldi-tanti-etti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.