Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі": Тоқтар Серіков өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков эфирде
Тоқтар Серіков. Фото: "Хабар" арнасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына түбегейлі қарсы екенін айтты. Өнер иесі бұл пікірі көпшілікке ұнамаса да, сол ұстанымда қалатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына не себепті қарсы екенін "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында түсіндірді.

"Маған көп адам шүйлікті. Бұл менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тию керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса қатты қарсымын. Жүрегім ауырады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111859-toqtar-serikov-qazaq-qyzdarynyng-qytaiga-turmysqa-shyguyna-qarsymyn/