jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Айжан Байзақова Мальдив аралдарында қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

    Айжан Байзақова отбасымен
    Айжан Байзақова отбасымен: Instagram/bayzakova

    Отандық танымал блогер Айжан Байзақова бүгінде отбасымен Мальдив аралдарында демалып жатыр. Желі жұлдызы ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжан Байзақованың Мальдив аралдарына ұшып кеткені туралы Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды. Блогер ару бұл жолы сапарға күйеуі мен екі ұлымен аттанған.

    Жұлдызды жанұя желіде белсенділік танытып, оқырмандарына ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетті. Ерлі-зайыпты Мальдив аралдарынан түрлі сурет пен видео жариялап, не себепті дәл осы мекенді таңдағанын айтты.

    "Барлық арманын орындалғандай. Бөлмеде күйеуім мен балаларым ұйықтап жатыр. Ал мен Мальдив аралдарындағы тропикалық жаңбырдың астында рахаттанып тұрмын", - деп жазды Байзақова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.