Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Періштем менің": Қайрат Нұртастың анасымен түскен видеосы жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова. Видеодкан кадр: Instagram/ kair_n

Отандық әнші Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында анасы Гүлзира Айдарбековамен түскен видеосын жариялады.

Өнер иесі видеосын жазбамен толықтырды.

"Пенделердің ішіндегі періштем", - деп жазды ол.

Ал бейнежазбадан әншінің анасын құшақтап, бетінен сүйгенін байқауға болады. Мұны көрген көпшілік анасына құрмет көрсеткен эстрада жұлдызына сүйіспеншілік танытты.

"Қайраттың өзгелерден ерекшелігі де, бағының жануы да анасын шексіз құрметтеуінен", "Ана деген осы кісідей-ақ болсын", "Ана деген бірінші орында ғой", Адал перзент екен. Алла ұзақ әрі бақытты ғұмыр сыйласын", "Ең бақытты ана, ең керемет ұл", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111970-perishtem-mening-qairat-nurtastyng-anasymen-tusken-videosy-zhurtty-suisintti/