Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты билеп кетіппін": стилін өзгерткен Жазира Байырбекова елдің назарына ілікті (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Видеодан кадр: Instagram/ zhazira_bairbekova

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады. Стилін өзгерткен әнші көпшіліктің назарын бірден аударды.

Жазира Байырбекова жақында жарыққа шығатын "Аппағым" әнінің видеосынан үзінді жүктеді.

"Екі бастығым "Биле" дегенге қатты билеп кетіппін ғой", - деп жазды ол.

Ал көпшілік әншінің стилін өзгерткенін бірден байқап қойды. Олар эстрада жұлдызының нәзіктігіне тамсанып, ақ тілегін жаудырды.

"Жарасып тұр", "Бастамаңыз жаман емес", "Ағам ән салғанда күшті билейді екенсіз", "Стильді өзгертіп жіберіпсіз ғой", "Образыңыз күшті", "Отсыз", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111991-qatty-bilep-ketippin-stilin-ozgertken-zhazira-baiyrbekova-elding-nazaryn-audardy-video/