Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғас шекарасында көрдім": танымал "Көк тудың желбірегені" әнінің шығу тарихын білесіз бе (видео)

Опубликовано:

Алмас Ахметбекұлы
Алмас Ахметбекұлы. Фото: El.kz/ Арман Мухатов

Халық арасында кеңінен танылған "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы Алмас Ахметбекұлы "Таңшолпан" бағдарламасында туындының шығу тарихын баяндап берді. Ол патриоттық сезімді арттыратын әннің дүниеге келуіне отанға деген сағыныш ықпал еткенін айтты.

Алмас Ахметбекұлының сөзінше, "Көк тудың желбірегені" – Қытай мен Қазақстанның шекарасында дүниеге келген туынды.

"Мен Қытай Халық Республикасы Шыңжаң аумағынан келдім. Тәуелсіздіктің 14-айында бері қарай өттім. Қорғас шекарасынан осы туды көргенде 22 ақпан болатын. Біз келгенде боран соғып тұр еді. Сол кезде тудың "лап-лап" еткен дауысы бір әңгіме айтып тұрғандай көрінді.

Сол кезде тәуелсіздікке сонша тебірендік. Негізі алыста жүрген қазақтарда отанды аңсау, азаттық таңын аңсау атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатыр. Содан бұл өлең жарыққа шығып, 5-6 жыл өлең болып оқылып жүрді, 2-3 ән болып жазылды.

Ибрагим Ескендір келгенде музыкалық өңдеуіне, біздің операға бейімдеген ноталарымызға өзгеріс енгізді. Содан жастарға, халыққа керемет тарап кетті. Ол жігіттің де куәлігі болды, бізге де жаман болған жоқ", -деді Алмас Ахметбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112096-qorgas-shekarasynda-kordim-tanymal-kok-tudyng-zhelbiregeni-anining-shygu-tarihyn-bilesiz-be-video/