"Неткен бақытты едіңдер": 39 жасқа толған Жахан Отарғалиевтің жазбасы жұртты ойландырып қойды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев 39 жасқа толды. Ол жекеменшік мерекесіне орай Instagram желісіндегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды.
Әзілкеш туған күнінде кішкентай актрисамен түскен видеосын жүктеп, ойын жазды.
"40-қа бір қадам. Қош келдің, 39 жас. Шын жүректен құттықтап қойсаңыздар болады. Бұл менің кинодағы қызым, Аллахым өмірде осындай балапанның әкесі атануды нәсіп етсін. Осындай қызы бар жандар, неткен бақытты едіңдер", - деп жазды ол.
Ал мұны көрген көпшілік актерді туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
"Көп ұл-қыздың әкесі бол", "Бес қыздың әкесі болу жазсын", "Керемет, шынайы адамсың", "Бақытты бол, адал жар тап", "Туған күніңіз құтты болсын", "Құттықтаймын", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112174-netken-baqytty-edingder-39-zhasqa-tolgan-zhahan-otargalievting-zhazbasy-zhurtty-oilandyryp-qoidy-video/