Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің отбасы туған күніне ерекше сыйлық тарту етіп, оны жылатты (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей жылап қалды
Абай Бегей жылап қалды. Видеодан кадр: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің жанұясы туған күнінде оған аса ерекше сыйлық тарту етті. Шоу-бизнес жұлдызы жақындарының сыйынан кейін көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің келіншегі мен балалары бірігіп, оған үлкен қажаллыққа жолдама сыйлаған. Олар ерекше сыйлығын туған күн кешінде табыстаған.

Әншінің барлық перзенті жұлдызды әкесіне ақ тілегін айтып, оған деген асқан сыйластығы мен махаббатын жеткізді. Өнер иесі өзіне айтылған жылы сөздер мен бағалы сыйлықтан кейін көз жасына ерік берді.

"Біз әкемізге не берсек те, оның бізге берген махаббат, мейіріміне еш нәрсе жетпейді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеген әкемізге не берсек екен деп көп ойландық. Осы сыйлықтан асқан сыйлық жоқ деп, отбасымыдың атынан қажылыққа жолдама бердік. Әкеміздің үлкен қажылыққа баруына біз себепші болғанымызға Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды әншінің қызы Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112408-abai-begeiding-otbasy-tugan-kunine-erekshe-syilyq-tartu-etip-ony-zhylatty-video/