Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өгей шеше өгейлігін көрсетеді": Абай Бегейдің қызы әкесінің әйелімен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Ерке Ниязқұлова мен Фариза Жұманова
Ерке Ниязқұлова мен Фариза Жұманова. Фото: Instagram/fari___za____zhan

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова өгей шешесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Блогер ару желіде екінші анасына жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Ниязқұлова аталмыш жазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Блогер ару бастапқыда өгей шешесі туған анасының орнын баса алмайды деп ойлап, екі жылдай оны қабылдай алмағанын мойындады.

Алайда уақыт өте келе әншінің қызы өгей анасы өзінің ең жақын адамына айналғанын айтты.

"Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды" деп жатады көпшілік. Ол рас,өз анаңның орнын ешкімде баса алмайды. Дәл солай ойлап менде апаны екі жыл қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ , әкеміздің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді", - деп жазды Ерке Ниязқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112474-ogei-sheshe-ogeiligin-korsetedi-abai-begeiding-qyzy-akesining-aielimen-araqatynasy-turaly-aitty/