Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің арқасында жүр": Әбілмансұр Серіков өзін орынсыз сынап жатқандарға жауап берді

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Әбілмансұр Серіков. Видеодан кадр: "Ұрпақ" подкасты

Отандық танымал актер Әбілмансұр Серіков бүгінде халық өзін орынсыз сынап жатқанын айтып, жағымсыз пікір жазатындарға жауап берді. Өнер иесі өзін жұлдызды әкесі "Әбунасыр Серіковтың арқасында көтерілді" деп айтатын жандарға шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбілмансұр Серіков қазіргі уақытта сыни пікірлерге мән бермейтін болғанын айтты. Десе де кейбір жағымсыз пікірлер көңіліне тиетінін жасырмады.

"Жазылып жатқан пікірлерге қарным ашады. Бізде білмей сөйлей беретіндер көп. Сенің қайдан шыққаныңды, қандай күй кешіп жүргеніңді білмей жаза береді. Бірақ біз де адамбыз. Біз де сол халықпыз. Тек мамандығымыз осы. Халықтың алдында жүретін мамандық қой. Көбісі түсінбейді. Кино ол кино. Кинода басқаша. Өмірде бізде сол халықпыз. Біз де сол адамбыз. Тек көзқарасымыз басқаша. Өнер адамдары қиялдау болып келеді.

Арасында ештеңені білмей, аузына келгенін жаза салатындар да бар. "Олар байлар ғой, білгенің істей береді" деп жазады. Бірақ біз де пәтерде тұрамыз, бізде де несие бар, бізде де бала-шаға бар. Біз де отбасымызды көрмейміз, кешке шейін жұмыс істейміз. Десе де бірінші болып, бізді сынайды. "Әбекеңнің баласы, соның арқасында жүр" деген сөздер қатты тиетін. Бірақ қазір оған да мән бермейтін болдым" , - деді актер Жанерке Сейфуллинаға берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112519-akesining-arqasynda-zhur-abilmansur-serikov-ozin-orynsyz-synap-zhatqandarga-zhauap-berdi/