Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллион" командасының мүшесі әкесіне қымбат көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Ерболат Заркумов
Ерболат Заркумов. Видеодан кадр: Instagram/ erbolat.milion

Отандық әзілкеш, "Миллион" командасының мүшесі Ерболат Заркумов әкесіне қымбат көлік сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі той үстінде әкесіне көлік сыйлайтынын айтып, көпшіліктің назарын аударды. Ол әкесінің өзіне көлік сыйлағанын еске алып, жұрттың жүрегін елжіретті.

"Миллион" командасы енді-енді көтеріліп жүрген кезде, 2-курстың аяғы немесе 3-курста асқар тау әкем маған ең бірінші автокөлік алып берді. Ол "Миллионның" алғашқы көлігі болды. Сол Opel-ді сыйға тартқан әкеме алғыс айтамын.

Өз тұлпарын сыйға тартқан әкем, ендігі кезек ұлыңызда. Құрметті қонақтар, қабыл алыңыздар, асқар тау әкеме Lexus 570 автокөлігі", - деді ол.

Көпшілік Ерболат Заркумовтың сыйлығына риза болып, ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112543-million-komandasynyng-mushesi-akesine-qymbat-kolik-syilady-video/