jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қуыршақ Барби": мінсіз мүсінін паш еткен Балжан Бидаш көпшілікті өзіне қаратты (фото)

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде ерекше образын көрсетіп, көпшілік назарын өзіне аударды. Оқырмандар өнер иесінің мінсіз мүсіні мен сұлулығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш аталмыш кадрларды Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Белгілі болғандай бұл әншінің "Дорама" атты әнінің бейнебаянындағы образы екен.

    Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне дене сымбатын айшықтап тұратын қызыл түсті киімді таңдаған.

    "Жараладым ба сені, мазаладым ба? Қиялы өмірге емес, сенші тағдырға", - деген өлең жолдарын келтірді әнші фото астына.

    Желі қолданушылары бірден өнер иесінің образын қызу талқылап, оған пікірлерін жаудырды.

    "Сұлулық пен нәзіктік деп осыны айт", "Сізге бәрі де жарасады", "Қызыл түс тура сізге арналған екен", "Қуыршақ Барби", "Жарқырай бер, Балжан қыз", "Сұлулық символы", "Мінсіз мүсінді ару", "Не деген фигура", "Бәрі үйлесіп тұр", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.