Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова балалар әдебиетіне қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отандық балалар әдебиетіне қатысты ойын айтты. Ол әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мультипликация кейіпкерлеріне айнала алмай отырғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова қазақ тілді шығармалар жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол балаларымен кітап дүкеніне барып, белгілі бір мәселеге кезіккен.

"Келісім бойынша қазақ тілді роман, проза, фантастика алмақ болғанбыз. Бірақ мынандай мәселеге тап болдық. Қазақ тілді шығарманың басым бөлігі дала, жайлау, көшпенді ел, барымта, соғыс жайлы екен.

Қалада туып-өскен бала галактика, жасанды интеллект, матрица әлемі туралы оқығысы келеді. Мені ойландырғаны, аграрлы өмірден урбанизацияға кеткелі қанша уақыт өтті?! Қалада туған бала жайлауды, жылқының ат-әбзелдерін біле бермейді. Бірақ ол үшін оны айыптай аламыз ба?" , - деп жазды ол.

Қайрат Нұртастың жұбайы қазір елімізде қалалық әдебиет, детектив, фентези жанрлары жетпейтінін атап өтті.

"Мысалы Алдар көсені дәл сол қалпында адам алдайтын кейіпте емес, ақылды, өте парасатты, Шерлок Холмстың деңгейіне неге көтере алмаймыз? Әдебиетіміз әлеммен санасатын кез келмеді ме?

Неге әдеби кейіпкерлер әлі күнге кино мен мультипликация кейіпкерлеріне айнала алмай отыр? Неге әлі ат мініп, жайлауда шапқылап жүр? Біздің кейіпкерлер жаңа уақытпен санасатын, тыныстайтын уақыт келді емес пе? Бәлкім мен білмейтін фентези жанрында шығармалар бар шығар?" - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112675-nege-ali-at-minip-zhailauda-shapqylap-zhur-zhuldyz-abdukarimova-balalar-adebietine-qatysty-oiyn-aitty/