jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "7 қыз, 2 ұлмыз": Жазира Байырбекова әпкесін туған күнімен құттықтады

    Жазира Байырбекова әпкесімен
    Жазира Байырбекова әпкесімен. Фото: Instagram/ zhazira_bairbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова әпкесін туған күнімен құттықтады. Өнер иесі тілегін Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.

    Әнші әпкесінің жақсы қасиеттерін де айтуды ұмытқан жоқ.

    "Әр отбасында "жедел жәрдем" сияқты бір адам болады. Үйінен қонақ үзілмейді, кімге көмек керек соған жүгіреді. Қазбегімді қарауға көмектесіп еді, енді Даратайыма да дәл солай.

    Біз 7 қыз, 2 ұлмыз. Жедел жәрдеміміз – Сабира әпкем. Бүгін туған күні. Сіздер де құттықтап қойыңыздаршы. Жедел жәрдемдеріңіз болса, белгілеп өтіңіздер", - деді Жазира Байырбекова.

    Көпшілік өнер иесінің әпкесіне бақыт пен зор денсаулық тіледі.

    "7 қыз, 2 ұлмыз": Жазира Байырбекова әпкесін туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.