Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1983 жылы": Мақпал Жүнісованың концертіне келген әжей әншінің жас кезін еске алды (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісованың концерті
Мақпал Жүнісованың концерті. Видеодан кадр: Instagram/ zhunusova.makpal

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісованың Өскемен қаласындағы концертіне келген әжей қызық естелік айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Концерттегі қызықты сәтті әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Онда сахнаға шыққан әжей Мақпал Жүнісованың жас кезін еске алған.

"Өскемен қаласына қош келдің. 1983 жылы алғаш сахнаға шыққан кезің... Мақпалдың әні деп магнитофоннан тыңдап, мәз болатынбыз. Сонда Күршім ауданына концертпен бардың. Сонда шашың бұйра-бұйра иыққа түскен, қыпша бел, кішкентай ғана қыз болатынсың. Содан бері қанша уақыт өтті", - деді әжей.

Ал бұл сөзді естіген өнер иесі қуанышын жасыра алмады.

"Өскеменде болған концерттен видео түсті. Үлкен рақмет. Апайымыз 100 жасасын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2112918-shashyng-buira-qypsha-bel-kishkentai-qyz-eding-maqpal-zhunisovanyng-kontsertine-kelgen-azhei-qyzyq-estelik-aitty/