Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінезіңді жоғалтсаң, онда бәрін жоғаттың": Ролан Қазретов жазбасымен елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Ролан Қазретов
Ролан Қазретов. Фото: Instagram/rolankazretov

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі алдағы бірқатар жаңалығын жария ететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ролан Қазретов елге ой салған жазбасын Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"Егер сен ақшаңды жоғалтсаң, сен ештеңе жоғалтқан жоқсың! Ал егер денсаулығыңды жоғалтсаң, онда сен бірдеңені жоғалттың. Егер сен мінезіңді жоғалтсаң, онда бәрін жоғалттың", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Сонымен қатар өнер иесі тыңдармандарына алдағы уақытта бөлісетін жаңалығы көп екенін айтты.

Желі қолданушылары әншінің жазғанына қолдау білдіріп, көтерген тақырыпқа қатысты ойын айтты.

"Жөн екен", "Өте дұрыс айтылған", "Керемет сөздер", "Келісемін, сөзіңіздің жаны бар екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113092-minezingdi-zhogaltsang-onda-barin-zhogattyng-rolan-qazretov-zhazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/