Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азғырып отырады": Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді. Қайрат Нұртастың анасы ұлының бойынан мұндай мейірімділікті ешкім тартып ала алмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайраттың ата-анасына, бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса, 20 пайызы азғырумен отырады. "Ой, мамасының баласы" дегеннен бастап мұқатады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көзі жетер емес. Алланың берген бағымен таласқанынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар немесе қысқа ойлайды, санасы жетпейді", - деді ол.

Продюсер ата-анаға деген ізгілікті түсіндіретін мақал-мәтелдердің бірнеше мысалын ұсынды.

"Мынадай мәтелдер жайдан-жай емес. "Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!", "Ата-ананың ақ батасы сені үлкен жетістіктерге жеткізеді", "Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!", "Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!", - деп жазды Айдарбекова.

Осылайша Қайрат Нұртастың анасы оқырманды жақсылық жасауға шақырды.

"О, адамдар, жақсы сөйлейікші. Бір-бірімізге жақсылық жасайықшы. Сол кезде Алла елімізге де, әр отбасына да жақсылықтың нұрын төгеді. Мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113113-azgyryp-otyrady-gulzira-aidarbekova-ulyn-mamasynyng-balasy-deitinderge-zhauap-berdi/