Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Терін сүртіп, бетінен сүйді": Ернар Айдарға қамқорлық танытқан тыңдарманы желіні жарды

Опубликовано:

Ернар Айдар тыңдарманымен
Ернар Айдар тыңдарманымен. Видеодан кадр: Instagram/ernaraidar_kz

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдардың концерті кезінде қызықты жағдай болды. Сахнаға шыққан әншінің тыңдарманы көпшілік алдында оның терін сүртіп, бетінен сүйіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар ән кеші кезіндегі ерекше сәттің үзіндісін Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада өнер иесінің тыңдарманы сахнаға жақындап, әншінің маңдайындағы терін сүрткенін көруге болады. Одан кейін ол Ернар Айдардың бетінен сүйіп, көпшілік алдында ақ батасын берген.

Аталмыш видео желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды. Оқырмандар шоу-бизнес өкілінің концертінде болған оқиғаға түрлі пікір білдіріп, оған асқан қамқорлық танытқан жанға тәнті болған.

"Көке пысық", "Қандай қарапайым жан. Сондай ақкөңіл", "Кішкентай бала сияқты көзін жұмып алғаны күшті болды", "Күлкімді тыя алмай отырмын", "Не деген қамқорлық", "Ағамыз жарады", "Аға бет орамалын жумайтын сияқты", "Еліңнің сүйікті ұлы болып жүре бер", "Қандай мейірімді аға", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113269-terin-surtip-betinen-suidi-ernar-aidarga-qamqorlyq-tanytqan-tyngdarmany-zhelini-zhardy/