Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Быт-шытын шығарды": танымал әнге кавер жазған Бүркіт пен Аиша қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: instagram.com/ berkut_aibekjan

Отандық эстрададағы жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша Қазыбек Құрайыштың "Таптым-ау сені" әніне кавер түсірді. Әннің бұл нұсқасы көпшілік арасында қызу талқыға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт әннің кавер нұсқасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Таптым-ау сені" туындысының жаңа нұсқасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Дегенмен оқырман арасында жұлдызды дуэтті сынағандар да табылды.

"Быт-шытын шығарды", "Дөрекі дауыспен айтқан", "Бұрын тапқан жоқсыз ба?", "Сізге бұл ән келмейді", "Онша емес", "Сізге жараспайды", "Даусыңызға ән мүлдем келмей тұр", "Әдемі әнді бұзды" - деп жазды жұрт.

Айта кетейік, осыған дейін Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіреткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113299-byt-shytyn-shygardy-tanymal-ange-kaver-zhazgan-burkit-pen-aisha-qyzu-talqyga-tusti-video/