Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барынша көңілін аулап жүрмін": анасымен уақыт өткізген Анна Данченко ел жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Анна Данченко анасымен кешкі аста
Анна Данченко анасымен кешкі аста. Видеодан кадр: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко желіде анасымен түскен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. БАҚ өкілі бүгінде барынша анасының көңілін аулап жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко анасы екеуінің кешкі асқа барған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Жаттығуға барып үлгермедім. Есесіне анамды кешкі асқа шақырдым. Анам үйден шықпайды. Сол себепті даладағы кафелерде шәй ішкенді жақсы көреді. Артында отырған жас қыздар бейәдеп сөйлеп отыр, соған көңілі толмай отыр. Барынша көңілін аулап жүрмін енді", - деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары анасы мен қызының ерекше сәтіне куә болып, оларға жылы лебізін білдірген. Көпшілік Анна Данченкоға анасының тез сауығып кетуін тіледі.

"Анна анаңыз тез жазылып кетсін. Аман болыңдар", "Алла мықты денсаулық берсін", "Алла шипасын берсін", "Анаңыз ұзақ жасасын, қасыңызда болсын", "Өте әдемі көрініс. Осылай анамен отырып, сырласқа не жетсін", "Анна анаңызға күш-қуат берсін! Тез сауығып кетсін", "Қандай бақыттысыз. Анаңыз қасыңызда. Осындай қуанышты сәттеріңіз көп әрі ұзағынан болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113338-barynsha-kongilin-aulap-zhurmin-anasymen-uaqyt-otkizgen-anna-danchenko-el-zhuregin-elzhiretti-video/