Отандық әнші Adam Сыртқы істер министрлігінің марапатына ие болды (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Adam "Ізгі ниет елшісі" марапатына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мирфарух Мирхидайға марапатты сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу табыстады.
"Сіздің жаһандық қатынастарды жақсарту, мәдени алмасуды ілгерілету және өзара түсіністік көпірлерін құруға деген бейілділігіңіз Қазақстанның халықаралық аренадағы дипломатия мен бейбітшілік жайлы пайымымен толықтай үйлеседі", - деп жазылған сертификатта.
Салтанатты рәсімді "Turan Media" лейблінің бас продюсері Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Аббас Тұранов аталған марапатқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.
"Turan Media" ұжымы "Жүрек" әні әр тыңдарманға жетуі үшін қыруар жұмыс атқарды. Еңбектің еленгені бізді де қуантпай қоймады. Adam да бұл марапатты иеленгеніне қуанышты. Ол Димашпен, Головкинмен, Шавкат Рахмоновпен бір тізімге енгеніне дән риза. Енді "Ізгі ниет елшісіне" Қазақстан шетелдегі концерттер мен фестивальдерге ресми түрде көмек береді.
Қазір біз ән жазуды жалғастырып жатырмыз. Жақында қазақ тіліндегі әндер, дуэттер жарыққа шығады. Халыққа сапалы бейнебаян да ұсынамыз", - деді Аббас Тұранов KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113491-otandyq-anshi-adam-syrtqy-ister-ministrligining-marapatyna-ie-boldy-foto/