Фариза Төреәлі құрбысына қымбат сыйлық тарту етті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі құрбысының туған күніне аса бағалы сыйлық берді. Өнер иесі оған тосынсый жасап, ерекше қуантқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Төреәлі құрбысына жасаған тосынсыйдың видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
Блогер ару досын жаңа пәтерінің жөндеу жұмыстарын тексеріп қайтуға шақырып, сол жерде қымбат сыйлығын тарту еткен. Мұндайды күтпеген ару қатты таңғалып, жұлдызды құрбысына алғысын айтты.
Фариза Төреәлі досына Prada брендінің сөмкесін сыйлаған. Құны шамамен 500 мың теңге тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113710-fariza-toreali-qurbysyna-qymbat-syilyq-tartu-etti-video/