Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұның дұрыс болмады": Жігер Ауыпбаевтан кеткен "Қойшы бала" жаңа продюсерін таныстырды

Опубликовано:

Айдос Кәден
Айдос Кәден. Фото: youtube.com/ "Алматы" телеарнасы

Халыққа "Қойшы бала" лақап атымен танымал Айдос Кәден TikTok желісінде жаңа продюсерін таныстырды. 11-сынып оқушысы қазір Қанағат Меченбаймен жұмыс істейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанағат Меченбайдың айтуынша, "Қойшы баланың" Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне үш ай болған.

"Туысқан інім. Жұмыстары біткеннен кейін қолыма алып, әрі қарай бірге жұмыс істейтін болдық. Дуэт жазамыз", - деді ол.

Айдос Кәденнің өзі ауылға айына екі рет барып тұратынын айтты. Ол көпшілікке жақында бейнебаян шығатынын да хабарлады. Ал желі оқырмандары әншінің Жігер Ауыпбаевпен жұмыс істемей кеткеніне ашуланып отыр.

"Су ішкен құдығыңа түкірме", "Жігердің арқасында танылды ғой", "Бәрі Жігердің еңбегі", "Жігер қайда?", "Қазір дауысы өзгерген", "Жігер ағаңды тастап кеттің бе?", "Мұның болмады, Жігер сен үшін бәрін істеді", - деп ашынды жұрт.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Жігер Ауыпбаев үш ай қарқынды жұмыстан кейін "Қойшы баланың" мінезі өзгере бастағанын айтқан еді. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде онымен араласпай кетсе де, алдағы уақытта қалпына келгеннен кейін қайта оралар деп үміттенген.

"Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен қойшы баланы үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да, ұстазы ретінде ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей.

Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан едім. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады", – деді Ауыпбаев "ХабарLike" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113797-laqtyrdy-ma-zhiger-auypbaevtan-ketken-qoishy-bala-zhanga-prodiuserin-tanystyrdy/