Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят емес пе": Ләйлә Сұлтанқызының өмір жайлы жазбасы жұрттың назарын аударды (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Instagram/ sultankyzy

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасына өмір туралы жазба жариялап, жұрттың назарын аударды.

Ләйлә Сұлтанқызы жазбасы арқылы әр сәттің қайта оралмайтынын, сондықтан уақытты бой уайымға құртпау қажет екенін түсіндіргісі келген.

"Негізі осындай дүниелерді салуға ыңғайсызданатынмын. "Жасыма сай ма?", "ұят емес пе?", "өзгенің қытығына тимей ме?" деген сұрақтар мазалайтын. Бірақ былай қарап тұрсаң өмір менікі ғой…

Осыдан түйетін ой, пенденің емес, Жаратқанның алдындағы абыройды бірінші орынға қойған әлдеқайда дұрыс. Сіз жүрген ізбен аяқ баспағандар сізді бәрібір түсінбейді. Өзім де өзгені албаты сынамаймын сондықтан. Қысқасы, қып-қысқа ғұмырымыз мәнді, мағыналы болса болды емес пе?" - деді ол.

Ал желі оқырмандары жазбаға жағымды пікір жазып қалдырды.

"Не деген нәзіктік", "Елдің елде шаруасы болмасын", "Жайнай беріңіз", "Керемет", "Тұнып тұрған сұлулық", "Қазақтың әрбір қызы әдемі", "Дұрыс айтасыз", "Алланың алдындағы абырой бірінші орында", - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113953-uiat-emes-pe-laila-sultanqyzynyng-omir-zhaily-zhazbasy-zhurttyng-nazaryn-audardy-video/