Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 млн теңге рәсімдемек болды": Айгүл Иманбаева алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздағанын айтты

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Скриншот: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздағанын айтты. Олар өнер иесінің сеніміне кіріп, 4 млн теңге рәсімдемек болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева басынан өткен жағдай туралы Instagram-дағы парақшасында айтып, оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Осыдан 1-2 сағат бұрын бір оқыс жағдай орын алды. Күлейін бе, жылайын ба деп отырмын. Мен алаяқтарға тап болдым. Ұялы оператор орталығынан хабарласып, телефонымдағы SIM-картаның мерзімі өткенін айтты. Англияда сондай система бар еді. Мерзімі өтсе, сатып жібересің немесе уақытын ұзартасың. Еуропадағы байланыс жүйесі бізге де келген екен ғой деп ішімнен таңғалдым да, жеке мәліметтерімді айта бастадым. Код келіп, оны да айттым. Барлық ақпаратымды жайып салдым. Бір гипнозда болғандай күйге түсіп, барлық сұраққа жауап бере бастадым.

Несие беретін банктердің де аты аталды. Тіпті "4 миллион теңге ақша түсіп тұр, келісіміңізді беріңіз"деді. Батырманы басуға аз қалдым. Бір кезде жүрегім бірдеңені сезгендей кілт тоқтадым. Ойыма бірден алаяқ адамның әрекеті екені есіме түсті. Бірден банктердің қауіпсіздік қызметіне хабарласып, есепшотымды бұғаттап тастадым. Достар сақ болыңыздар. Осы күнге дейін ешкімге есесін жібермеген, алаяқтың арбауына түспеген Айгүл Иманбаева да алданып қалды. Абай болыңыздар!”, – деп жазды әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113968-4-mln-tengge-rasimdemek-boldy-aigul-imanbaeva-alaiaqtardyng-arbauyna-tusip-qala-zhazdaganyn-aitty/