Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңбегім бұлай бағаланбаған": сыйлыққа көлік алған Жұлдызай Дүйсенбиева көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Отандық дизайнер Ғани Көбеев танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваға көлік сыйлады. Бұрын-соңды мұндай сыйлық алмаған өнер иесі көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты сәттің видеосы актрисаның Instagram парақшасында жарияланды. Ал бейнежазбада Жұлдызай Дүйсенбиеваның сыйлыққа сене алмай тұрғанын байқауға болады.

"Шынымен маған ба? Ойнамашы, жүрегім нашар", - дейді актриса.

Ал дизайнер Ғани Көбеев актрисаға сыйлық күллі қазақ халқының атынан берілгенін айтады. Сол сәтте Жұлдызай Дүйсенбиеа көз жасына ерік беріп, інісіне алғыс білдіреді.

"Мен қанша жерде еңбек еттім, бірақ еңбегім бұлай бағаланбаған. Көлігіңе емес, көңіліңе рақмет", - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Мұны көрген көпшілік актрисаны шын жүректен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Қосылып жылап алдым", "Жұлдызай, сенің аппақ көңіліңнің жемісі", "Ғани мырзаның танылуына Жұлдызай ханымның еңбегі орасан зор ғой", "Адамның көңілі қандай, иә?", "Еңбегіңіз еселене берсін", "Лайықтысыз", - деп жазды жұрт.

Айта кетейік, күні кеше актриа "Қазақстанның құрметті азаматы" атағына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113983-engbegim-bulai-bagalanbagan-syilyqqa-kolik-algan-zhuldyzai-duisenbieva-koz-zhasyna-erik-berdi-video/