jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Өзі сияқты": желіде Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы пайда болды

    Нағима Есқалиева
    Нағима Есқалиева. Фото: instagram.com/dias_ablayev

    Қазақстандық әнші Диас Абылаев анасы Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосын жариялады. Көпшілік келіншектің халық әртісіне қатты ұқсайтынын айтып, таңғалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Диас Абылаев бейнежазбаны көріп, өзі де таңданғанын айтады.

    Ал видеодан сырт келбеті Нағима Есқалиеваға ұқсайтын келіншекті байқауға болады. Оған балалары концертте тосынсый жасаған екен. Сүйікті әртісін сахнадан көрген келіншек қуанып кетеді.

    Диас аталған видеоны анасына жіберген. Ал халық әртісі өзіне ұқсайтын әйелді әзілмен қабылдапты.

    "Анама бұрын-соңды ешкім бұлай ұқсамаған. Дәл өзі сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар, ұқсай ма?" - деді әнші.

    Мұны көрген көпшілік пікірін жарыса жазды.

    "Мінезі де ұқсайтын сияқты", "Көзілдірік кигені де аумайды", "Расымен сіздің анаңыз емес пе?", "Өзі сияқты ғой", - деп жазды жұрт.

    "Өзі сияқты": желіде Нағима Есқалиеваға ұқсайтын әйелдің видеосы пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.