Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарнаның жобасына қатысты (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

8 маусым күні аспан асты еліндегі CCTV-1 арнасы "Сұлулық пен үйлесімділік" жобасының жаңа бөлімін көрсетті. Тележобаға қатысты ресми ақпаратты dimashnews.com сайты ұсынды.

Басылым мәліметінше, жоба Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы халықаралық мәдени қарым-қатынасты арттыру мақсатында жүзеге асырылған.

"Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін", – деп шақырды Димаш жанкүйерлерін.

Аталған кеште Димаштың бірнеше жылдан бері жеке концерттерінің негізі болған "Golden" әні қайта шырқалды.

Ал халықаралық ынтымақтастық ретінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдан келген Сучжоу жастар симфониялық оркестрінің хоры POLY WeDo сүйемелдеуімен әйгілі "You Raise Me Up" композициясын ұсынды.

Еске сала кетейік, Димаш өткен жылдың қазан айында "Сұлулық пен үйлесімділік" жобасының тұсаукесеріне қатысқан болатын. Одан кейін атақты пианист Ланг Лангпен бірге композитор Синь Синхайдың "Сары өзеннің қайықшысының әні" атты фортепианолық концертінің бірінші бөлімінің фрагментін орындап, қазақтың халық әні "Дударайды" төл нақышта және джаз-фанк стилінде ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2114436-dimash-qudaibergen-qytaidagy-basty-telearnanyng-zhobasyna-qatysty-video/