Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәнге айналды": танымал сатирик екі әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Опубликовано:

Толымбек Әлімбекұлы
Толымбек Әлімбекұлы. Видеодан кадр: youtube.com/ el.kz

Танымал сатирик Толымбек Әлімбекұлы El.kz сайтына берген сұқбатында екі әйел алуға қатысты ойын айтты. Ол қазіргі заманда бұл үрдіс сәнге айналып кетті деп есептейді.

Әңгіме барысында Толымбек Әлімбекұлы екінші әйел алу туралы ой мүлде келмегенін айтты.

"Екі әйел алу сәнге айналып кеткен сияқты. Бұрын екі әйелді жетіскеннен алмайтын. Екі әйелді отбасын, балаларды көбейту үшін алады. Ал қазір "осының екі әйелі бар" деген ат үшін ғана үйленетін секілді", - деді жазушы.

Сатирик әйелдерге қатысты сатира жазғанына жұбайының көзқарасы қандай екенін де жеткізді.

"Қызғанса да, ішінде шығар. Бірақ білдірмейді, ол жайында ештеңе айтпайды. Қызғанатындай менде ғашық болу, өліп-тіріліп сүю-күю деген дүние жоқ. Әйелдердің жалпы мінезі туралы жазамын. Керісінше ашуланатын шығар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2114634-sange-ainaldy-tanymal-satirik-eki-aiel-aluga-qatysty-oiyn-aitty-video/