"Дәрігер іздеп жатырмын": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының денсаулығына алаңдайтынын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлы Нарұлдың денсаулығы сыр бергенін айтып, бүгінде оған дәрігер іздеп жатқанын жеткізді. Өнер иесінің бұл жазбасы елді алаңдатып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова перзенті үшін алаңдап, оған жақсы тілек айтып жатқан жандармен Instagram-дағы парақшасы арқылы байланысқа шыққан. Актриса қазіргі уақытта дәрігер іздеп жатқанын айтып, көпшіліктің көмегіне жүгінді.
"Бір аптадан бері үйдегі ұлдардың жағдайын жасап жатырмын. Нарұлға алаңдап, жақсы тілек тілеп жатқан жанашыр оқырманыма ерекше алғыс. Дәрігер іздеп жатқаным рас. Сондықтан хаттарыңызды жібермей оқып жатырмын. Негізі халық еміне еш қарсылығым жоқ. Нарұлдың бала күнінде қолы ойнамалы болған. Қайта-қайта шығып кете беретін. Сол кезде сынықшыларға талай барғанбыз. Бірақ бұл жағдайда рентген гипс не ота жасау керектігін көрсетіп тұр. Жалпы бала өскенше осы екен ғой. Дәрігермен дос боласың. Қажет болса өзің емші болып кетесің", - деп жазды өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2114751-ulyma-dariger-izdep-zhatyrmyn-zhuldyz-abdikarimova-oqyrmandaryn-alangdatyp-qoidy/