Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Бадықова анасының 60 жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова анасымен
Дариға Бадықова анасымен. Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова анасының 60 жасын дүркіретіп атап өтті. Өнер иесі барша жақындарының басын қосып, үлкен той жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова анасының 60 жасқа толуына орай Алматыда үлкен той жасаған. Думанды кешке барша ағайын-туыстары, жақындары мен актрисаның өнердегі достары келген.

Сонымен қатар қадірлі қонақтар арасында Мақпал Жүнісова мен Жанар Айжанова да болған. Эстрада жұлдыздары Бадықованың анасына ақ тілегін айтып, тойға жиналған қауымға өнерін паш етті.

Оған қоса Бадықованың анасын "Келінжан" сериялының жұлдызы Нұргүл Мыңғатова арнайы құттықтап келген.

Дариға Бадықова анасының 60 жас мерейтойы қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2114895-dariga-badyqova-anasynyng-60-zhasyn-durkiretip-atap-otti-video/