jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорқытпаңыз": 4 метр биіктіктен суға секірген Қайрат Мырзаханов жұртты шошытты (видео)

    Қайрат Мырзаханов
    Қайрат Мырзаханов. Фото: instagram.com/ kairat_myrzahanov

    "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов Алакөлде 4 метр биіктіктен секіріп, жұрттың үрейін туғызды. Видеоны эстрада жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

    Видео кадрларынан әншінің суға секіруге дайындалып тұрғанын байқауға болады. Ол көп ұзамай биіктігі төрт метр суға секіріп кетеді.

    "Секіремін бе, жоқ па? 4 метрлеу биіктігі", - деп жазған ол.

    Көпшілік әншінің бұл әрекетінен үрейленіп қалды. Олар мұндай биіктіктен секіру қорқынышты екенін айтып жатыр.

    "Қорқынышты", "Секірмей-ақ қойшы", "Тамырларың тартылып қалмасын", "Қорқым кеттім ғой", "Мәссаған", "Жарайсың", "Қайталауға тыйым салынады", - деп жазды олар.

    "Қорқытпаңыз": 4 метр биіктіктен суға секірген Қайрат Мырзаханов жұртты шошытты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.