Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға қарай кетіп қалғым келмейді": Аян Өтепберген әншілік мансабы туралы айтты

Опубликовано:

Аян Өтепберген
Аян Өтепберген. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Қазақстандық танымал актер Аян Өтепберген әншілік мансабы туралы сөз қозғап, не себепті соңғы уақытта ән шығармай кеткенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Аян Өтепберген актерлік пен әншілікті қатар алып жүру қиын екенін мойындайды. Кино салдарынан болатын уақыт тапшылығына қарамастан өнер иесі ән шығарып, концерт беріп тұратынын айтты.

"Біздің мамандық музыкалық театр әртісі. Мен концерттер беріп тұрамын. Әндер де жарыққа шығарып қоямын. Тойға қарай кетіп қалғым келмейді. Шғырмашылық тұрғыдан қорқыныш пен өзіме деген сыни көзқарас бар. Өзімнің жеке ләззатым үшін концерттер беріп тұрамын. Басқа қалаларға да барып тұрамын. Өзіміз жастар болып отырып, әңгіме айтып, ән айтып отырамыз. Қалаған кезімде ән айтып, ән шығарамын. Негізгі мамандығым актер болғандықтан, негізгі назарым сол жақты екені рас. Сондай кезде ән қалып кетіп жатады", - деді актер "Қызық Times" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115081-toiga-qarai-ketip-qalgym-kelmeidi-aian-otepbergen-anshilik-mansaby-turaly-aitty/